Қарызға демалыс: оны алу дұрыс па, әлде бұрыс па
Жаз мезгілі — еңбек жылынан кейін демалудың ең ұтымды уақыты. Көптеген адамдар демалысты алаңсыз және денсаулыққа пайдалы өткізу үшін бәріне дайын.
Өткен 2022 жылдың маусым айында Picodi.com сарапшылары ел тұрғындарының 18 %-ы Қазақстаннан ешқашан өзге елге шықпағанын анықтады. Сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 57 %-ы демалысты тұрғылықты қаласында немесе саяжайда өткізеді, себебі саяхаттауға қаражат шектеулі.
Демалыстан бұрын ұзақ сапарды алдын-ала жоспарлағаныңыз құптарлық. Өтініш жазып, күнге қыздырынуға немесе жаңа елдерді зерттеуге алаңдамай аттанған нұр үстіне нұр.
Ал, егер демалыс жақын арада болса, ақшаңыз аз немесе мүлдем болмаса, нені ойлап табуға болады?
Осы ретте сіз үйден алыс жерде орналасқан құрлыққа немесе теңізге саяхаттағыңыз келеді. Бұл жағдайда сіз қаржы ұйымынан немесе туроператорынан демалысқа ақша ала аласыз.
Туристік компанияда несие немесе бөліп төлеу онлайн режимінде жасалуы мүмкін: бағытты таңдап, турдың құнын анықтап, содан кейін өтініш беріледі. Өтінімді мақұлдау кезінде шарт жасалады, оған сәйкес серіктес банк туроператордың шотына ақша аударады, ал сіз жолдама аласыз. Несие алу үшін тек өтініш берушінің жеке куәлігі қажет.
Саяхат несиесінің артықшылықтары:
- кейінге қалдырылған төлеммен тиімді соңғы минуттық турды сатып алу мүмкіндігі;
- несиені өтеу әдісін таңдау — бір реттік немесе бөліп төлеу;
- қаражат мерзімінен бұрын қайтарылған жағдайда айыппұлдар мен комиссиялар алынбайды.
Туристік компаниядан шетелде демалуға несие алу үшін бастапқы жарна қажет. Жарна неғұрлым үлкен болса, пайыздық мөлшерлеме соғұрлым төмен болады және несие мерзімі ұзағырақ болады.
Микроқаржы ұйымының қызметтерін пайдаланыңыз. Мысалы, Алматыда онлайн өтінім беру арқылы банк картасына микроқаржы ресімдеуге болады. Тіркеу үшін сізге тек бір құжат қажет — жеке куәлік.
Пайыздар бір жылға емес, әр күнге есептеледі. Несие мерзімі әдетте сомаға шектеумен 30 күнге дейін. Қарыз ақшаны кез-келген мақсатқа жұмсауға мүмкіндік бар, ал берешекті айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеуге және артық төлемді үнемдеуге болады.
Грейс-кезеңі бар банктік несие картасын жасаңыз және демалуға ұшыңыз. Егер сіз грейс-кезеңнің жарамдылық мерзімінде -100 күн ішінде ақша салсаңыз, онда несие бойынша пайыздарды төлеудің қажеті жоқ. Басқаша айтқанда, сіз демаласыз, содан кейін 3 ай ішінде ақшаны банкке қайтарасыз. Егер осы мерзімде толық есеп айырысу мүмкін болмаса, онда сіз ағымдағы қарызды (жеңілдік кезеңінен тыс пайыздар) өтей аласыз.
Банктік тұтынушылық несиені сапарға да пайдалануға болады. Ол қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен пайызбен беріледі. Осылайша сіз артық төлемді үнемдей аласыз. Несие клиенттің төлем қабілеттілігі мен несиелік тарихын бағалағаннан кейін ғана беріледі.
Демалыс несиесіне жүгінбес бұрын, төлем қабілеттілігіңізді ескеріңіз, өйткені өзге қаражат пайызбен қайтарылуы керек. Алайда, белсенді демалыстан кейін оны уақытында жасау әрдайым мүмкін емес. Сондықтан несие берушімен кейін есептесе алатыныңызды алдын ала бағалаңыз.
Источник: Naryk.kz